Жұмыс сапарымен осында келген облыс әк імі Архимед Мұхамбетов жаңа астық қабылдау қоймасымен қатар Гүлсара Жаманқұлова басқаратын «Жітіқара-Астық Трейд» серіктестігінің офисін де тамашалады. Оның бірінші қабатында астық қабылдайтын заманауи таразы оналасқан. Жұмысшылар таза, жылы жерде отырып, жұмыс істейді. Астық қабылдау қоймасы 15 адамға жұмыс беріп отыр. Кәсіпорын астық сақтау қоймасын салуға 280 миллион теңге қаржы жұмсады.
«Ауданда элеватордың жағдайы қиын болды. Астықты алысқа, қалаға тасыған соң, ол бидайдың өзіндік құнына да кері ықпал еткені сөзсіз. Міне, жақсы жоба жүзеге асырылды, енді астықты осында сақтап, сата бересіздер» деді Архимед Бегежанұлы.
«Жітіқара-Астық Трейд» кәсіпорны осы жерден тағы бір осындай қойманың құрылысын бастады.
Нәзира Жәрімбет
«Егемен Қазақстан»
Қостанай облысы,
Жітіқара ауданы